Бұл — халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметтің және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Ұлттық нақыштағы киімдер мерекелік көңіл-күй сыйлап, маңызды саяси науқанның маңызын айшықтай түсті.
Қаражалдықтар үшін бүгінгі күн — бірлік пен жауапкершіліктің күні. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосуда.
