24.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА23.11.2026
Ақпарат ағыны

Наурыз мерекесіне орай республикалық «Наурыз-Fest» акциясы өтеді

11.03.2026 · 18:28 · admin

13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Наурыз-Fest» акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты — отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың халық үшін бағалық және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Акция аясында сауда желілерінде азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер ұсынылады, сондай-ақ сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылатын болады.
Ұлытау облысында акция Жезқазған қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Олардың қатарында:

«Шаруа » СҮ

«Дариға» СҮ

«Технодом» АҚ

«Самаз» супермаркеті

«Юникс» супермаркеті

«Органик» супермаркеті

«Акцент» супермаркеті

«Самади» супермаркеті