Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ана – адамзат үшін ең қасиетті, ардақты әрі аяулы жан. Сол себепті әлемдегі шынайы махаббат пен құрмет ең алдымен аналар мен әйелдерге арналады.

Әйел – отбасының тірегі, қоғамның сәні, өмірдің нұры. Сіздердің жүректеріңіздегі мейірім мен жылылық, ақыл-парасат пен төзімділік әрқашан айналаңыздағы адамдарға қуаныш пен үміт сыйлайды.

Бүгінде қаламыздың аяулы арулары экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және басқа да салалардағы оң өзгерістерге белсенді қатысып, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қоғамның өркендеуін нәзік жүректі, көреген, еңбекқор әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес. Әйел-аналар іскерлігімен қатар отбасының ұйытқысы, ырыс-берекесі болып табылады. Ана қуанышы, әйел қуанышы – отбасының, Отанның мерейі.

Қадірлі аналар, арулар!

Осы шуақты мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, өмірлеріңізге шаттық пен бейбітшілік тілейміз. Жүздеріңізден мейірім шуағы төгіліп, айналаңызға нұр шашсын! Әрдайым өздеріңізге сенім мен шабыт сыйлайтын сәттер көп болсын!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат төрағасы.