Құрметті жерлестер!

Сіздерді еліміздің ең қастерлі әрі тарихи мәні зор мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік – бұл халқымыздың ғасырлар бойғы арман-тілегінің орындалуы, азаттық пен еркіндік жолындағы табанды күресінің заңды жемісі. 1991 жылы қабылданған тарихи шешім Қазақстанның дербес мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алуына жол ашты.

Бұл күн – ұлттық рухымызды асқақтатып, ел бірлігін бекемдеген тағдырлы белес. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан саяси тұрақтылығы берік, экономикасы серпінді дамыған, әлеуметтік саласы жүйелі түрде жаңарған мемлекетке айналды.

Білім мен ғылым, мәдениет пен спорт, денсаулық сақтау мен инфрақұрылым салаларындағы ілгерілеу – ел дамуының айқын көрінісі. Бұл жетістіктердің негізінде халықтың тынымсыз еңбегі, өзара түсіністігі мен бірлігі жатыр.

Мемлекетіміз үшін бейбітшілік пен тұрақтылық қашанда басты құндылық. Қоғамдық келісім мен ынтымақты сақтау, ұлттық татулықты нығайту – Тәуелсіздіктің басты тірегі. Осы бағытта әрбір азамат ел болашағы үшін жауапкершілікпен еңбек етіп келеді.

Алдағы уақытта да Тәуелсіз Қазақстанның еңсесі биік, тұғыры берік болуына баршамыз өз үлесімізді қоса берейік.

Осы айтулы мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен ілгері даму тілейміз.

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА, қалалық мәслихат төрағасы.