23.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА23.11.2026
Ақпарат ағыны

Сауда базарларына қойылатын талаптар түсіндірілді

22.08.2025 · 14:19 · admin

Ұлытау облысында қазіргі таңда 01.01.2025 жылғы уақыт бойынша Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес 6 сауда базары тіркелген. Оның екеуі, атап айтқанда Жезқазған қаласында орналасқан «Мерей» және «Нарық» базарларына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Сауда және интеграция министрінің м.а. С.М. Жұманғариннің 30.03.2023 жылғы бекітілген Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс.

Осыған байланысты, бүгін Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Атамекен» ҰКП ғимаратында сауда базарларына қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға жауапты департаменттер, басқармалар мекеме, ұйым өкілдері мен базар иелері қатысты.

Жиынды Департмент басшысының орынбасары Ж.А.Даулетбаев ашып, сауда базарларына қойылатын талаптарға тоқталды. Әр сала маманы заң аясында сауда нысандарына қойылатын талаптарға тоқталып, базарлардың бүгінгі заманға сай келуі үшін бірқатар талаптардың орындалуына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлерге мемелекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Қаржыландыру қажет боған жағдайда кәсіпкерлер қалай әрекет ету керектігі кеңінен түсіндірілді. Өз мәселелерін алға тартқан базар иелеріне сала мамандары жан-жақты қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.