Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз!
Астана күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Бұл күн – еліміздің бас қаласының ғана емес, тұтас ұлттың бірлігінің, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің және болашаққа деген сенімінің нышаны.
Астананың елорда ретінде қалыптасуы – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Қысқа уақыт ішінде Астана әлемдік деңгейдегі заманауи, технологиялық және мәдени орталыққа айналды. Бұл – болашаққа ұмтылған елдің жүрегі, жаңа Қазақстанның символы.
Елорда – елдің дамуы мен жаңғыруының жарқын көрінісі. Мұнда ірі саяси, экономикалық, мәдени оқиғалар өтеді, еліміздің болашағына әсер ететін шешімдер қабылданады. Астана – барша қазақстандықтардың мақтанышы.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, татулық пен бақ-береке тілейміз! Еліміз өркендеп, болашағымыз жарқын болсын! Астана күні құтты болсын!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.