Жолдауды толық қолдаймыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын мұқият тыңдап, толық қанағаттандық. Ел Президенті Жаңа Қазақстанды құруға қатысты тиісті міндеттерді белгіледі. Қуанарлық жаңалық –жергілікті тұрғындардың көкейінде көптен бері жүрген мәселелер оңтайлы шешімін табатын болды.

Елімізде әкімшілікаумақтық құрылымдар саны ұлғайып, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары ашылатын болды. Билік пен халықтың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу мақсатында Ұлттық құрылтай құрылатыны жария етілді. Парламент Мәжілісі мен әр деңгейлі мәслихаттардың рөлі арта түсетіні айтылды.

Бұдан бөлек, облыстар мен қалалар әкімі қызметіне үміткерлер баламалы негізде ұсынылып, мәслихат депутаттарының келісімімен сайланатыны айқындалды.

Алдағы уақытта жергілікті өкілетті органдарда мәслихат төрағасы қызметі енгізіледі.

Партия құру шарттылықтарына өзгерістер енгізіліп, олардың барлығы сайлауға қатысу мүмкіндігін иеленеді.

Біз ел Президентінің Жолдауын толық қолдаймыз. Жаңа Қазақстанды құруға бәріміз бірге ат салысып, аянбай жұмыс істеуге тиіспіз. Сол жолда барша қауымға сәттілік серік болсын!

Марлан ШАМБҰЛОВ,

Қаражал қалалық мәслихатының депутаты.