Шілде айындағы қуанышты жаңалықтың бірі мәдениет саласы қызметкерлеріне қатысты болды. 1 шілдеден бастап, «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75 процентке өседі.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Бұл жұмыс 2025 жылға дейін жүргізіледі, яғни, осы кезеңде еңбекақы көлемі 100%-ға артады» деді салалық министрлік басшысы.
Өз тілшімізден.