Жәйрем кентінде Сағырбаев көшесіндегі айналма жол абаттандырылуда

Мердігер («ЖЖЖ Жалғас» ЖШС) Сағырбаев көшесіндегі айналма жолға қиыршық тас төсеп, жол жиегіне жиектас орнату жұмыстарын атқаруда.

Қазіргі уақытта айналма жолға тас кеспекше (брусчатка) төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мұнда домбыра түріндегі шағын сәулет нысаны орнатылмақ.