Тиісті есептер тыңдалған сессия

Қаражал қаласы әкімдігінің мәжіліс залында ХVІІ сессия болып өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, Жәйрем, Шалғы кенттерінің әкімдері, зум қосымшасы арқылы Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ақжол Мұстафин, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2023 жылғы Қаражал қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы, 2023 жылғы Жәйрем және Шалғы кенттері бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы сессиясының №96 «2024-2026 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы сессиясының №129 «2024-2026 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қаласы білім бөлімінің орта білім беруді қамтамасыз ету сапасы, жазғы демалыс кезіндегі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру туралы, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аймақты ауыз сумен қамту бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі, Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы ХХХХІ сессиясының «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» №346 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі XVI сессиясының «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №150 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі ХVI сессиясының «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 151 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі VII сессиясының «Қаражал қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» №70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі V сессиясының №49 «Қаражал қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі V сессиясының «Қаражал қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» №48 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демография­лық саясат жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы сұрақтар қаралды.
Алғашқы сөзді Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов алып, 2023 жылғы Қаражал қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы баяндамасын жасады.
Әрі қарай, Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов, Шалғы кентінің әкімі Төлеген Ерденов баяндама жасады.
Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ақжол Мұстафин атқарушы органның есебіне қорытынды жасап, өз пікірін айтып, ойымен бөлісті.
Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нұргүл Әбдірахманова Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы сессиясының №96 «2024-2026 жылдарға арналған Қаражал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қаражал қаласының білім бө­лімінің басшысы Тлеш Аштаев Қаражал қаласы білім бөлімінің орта білім беруді қамтамасыз ету сапасы, жазғы демалыс кезіндегі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
Одан кейін «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аймақты ауыз сумен қамту бойынша атқарған жұмыстары туралы есебін «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының орынбасары Ғабит Амангелдіұлы баяндады.
Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы баяндаманы Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Анар Молдабаева жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі Қаражал қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы мәселе бойынша «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мергенбай Сембек өз комиссия құрамдарымен таныстырып өтті.
Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі V сессиясының №49 «Қаражал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қаражал қаласы әкімі аппаратының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы бойынша бас инспекторы Еркін Тәкібаев баяндама жасады.
Қаражал қаласы әкімдігі жанын­дағы әйелдер істері және отбасы­лық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жаннұр Жакенова баяндаса, Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы Зәмзагүл Оспанова Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Сессия соңында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы сайланды.
Қозғалған, тыңдалған, баяндалған барлық мәселелер бойынша қойылған сұрақ-жауаптар назардан тыс қалмай, айтылған ескертулер мен қозғалған ұсыныстарды есепке ала отырып, белгіленген мерзімде жүзеге асатынына сенеміз.

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
Қаражал қалалық
мәслихаттың депутаты.