Татами тарландары – мерейлі

2022 жылдың 7-10 мамыры аралығында Орал қаласында Кеңес Одағының батыры Мəншүк МƏМЕТОВАНЫ еске алуға арналып, дзюдо күресінен ересектер арасында өткен Х ашық республикалық турнирде дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан құрама командасының мүшесі Аслан МҰХАМЕДЖАНОВ +100 келі салмаққа дейінгі балуандар бəсекесінде күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ, 6-8 мамыр аралығында Екібастұз көмір кен орындарын алғаш ашқан Қосым Пішенбаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен 2006- 2007 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ашық республикалық турнир өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Нақтылай түссек, 48 келі салмақ дəрежесінде Аяулым Ермек қола медальға қол жеткізсе, 52 келі салмақта сынға түскен Алина Тарелкина күміс медальді жеңіп алды. Ақерке Ерболқызы 70 келі салмақ дəрежесінде қола медаль иегері атанды. Ал, Нұржан Егінтаев болса, 73 келі салмақта топ жарып, алтын медальді еншіледі.

Қаражал қаласының «МОРДБЖМ» КММ басшысы Артем Ким мен мерейі үстем түскен дзюдошылардың ұстаз-жаттықтырушылары Дүйсенбай Тəжікеев, Арман Отарбаев, Ерболат Зекен жəне Сандуғаш Мұқанбетқалиеваны шын жүректен құттықтаймыз!

Балшырын АМАНТАЙ