Орамдар абаттандырылуда

Биыл Жәйрем кентінің көшелері мен орамдарында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Нәтижесінде кенттің келбеті жақсарып, көшелердің сәні кіруде.

Қазір кенттің екі орамында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрғындар олардың нәтижесін көре бастады. Атап айтқанда, «Perfect design» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  құрылысшылары бес көп қабатты тұрғын үйлердің алдына қоршаулар орнатылды. Әр подъездің алдына 2 орындықтан, жалпы 64 орындық қойылды.

Орамдарды абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Мердігерлер енді осы орамдарға 64 дана қоқыс жәшіктерін орнатады. Қазір оларды сатып алу және жеткізу күтілуде. Мұның сыртында үш көпқабатты үйдің ауласында самалжай (беседка) орнату үшін брусчатка төселіп, дайындық жұмыстары жүруде.

Ізтай Белгібайұлы