«Елімайды» еңсере жеңді

Өткент аптаның соңында Сәтбаев қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінің жабық футбол алаңында ҚР Екінші лигасының біріншілігі аясында Ұлытау облысының «Ulytau» және Абай облысының «Елімай» футбол клубтары арасында ойын өтті.

Ойын өте тартысты болды. Өз алаңында ойнаған «Ulytau» клубының футболшылары күшінің басым екенін көрсетті. Ә  дегенде-ақ  «Елімай» клубының ойыншыларын еңсере бастады. Стадион трибуналарына жиналған жанкүйерлердің қуанышына орай ойынның 18-ші минутында Ерсұлтан Төреқұл қонақтардың қақпасына бірінші гол соқты, ал 37-ші минутта Бекжан Рзатаев екінші голдың авторы атанды.

Одан әрі 59 минутта Ерсұлтан Төреқұл тағы да ерекшеленді. Ойын қорытындысы бойынша «Ulytau» клубының футболшылар 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Спорттық шараға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов және Сәтбаев қаласының басшысы Шапағат Әубәкір қатысты.

Аманкелді АҚШАЛ.