Ардагерлерді дәріптеу — ұрпақ парызы

Соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген адамдардың еңбегі елдің жеңісіне тікелей әсер етті. Олар азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ және басқа да қажетті заттарды өндірумен айналысты. Тыл ардагерлері өздерінің күш-жігерін, уақытын аямай, елдің болашағы үшін күресті. Олардың еңбегі арқасында майданға қажетті ресурстар жеткізіліп, әскери күштеріміздің қуаты артты.
Менің Атам Тлеубаев Амангелді – Қаражал қаласының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері, тыл ардагері.
Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, соғыс кезінде елдің ауыртпалығын бөлісіп, ауылда еңбек майданында белсенділік танытқан. Тамақ тапшылығы, ұйқысыздық және қиындықтарға қарамастан, ол анасымен бірге егістікте еңбек етті. Атамның өмірі мен еңбегі – ұрпаққа үлгі боларлық тарих.
ҰОС-да елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігін, менің Атамдай тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің еңбегін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа дәріптеуіміз — біздің парызымыз.
Возможно, это изображение 1 человек
Все реакции:

3