2023 жыл 13 қаңтар № 1/1-ө
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қаражал қаласының аумағында 2023 жылы Қаражал қаласының құрылғанына 60 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараларды дайындау және өткізу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:
- Қаражал қаласының 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Қаражал қаласының мемлекеттік мекемелерінің басшылары осы өкімнен туындайтын тиісті іс-шараларды қабылдасын.
- Осы өкім «Қазыналы өңір» аймақтық газетінде ресми жариялансын.
- Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Құрмансейітке жүктелсін.
Қаражал қаласының әкімі Т.Досаев