Қаражал қаласының 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы  

 2023 жыл 13 қаңтар                                                                                   № 1/1-ө

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қаражал қаласының аумағында 2023 жылы Қаражал қаласының құрылғанына 60 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараларды дайындау және өткізу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Қаражал қаласының 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Қаражал қаласының мемлекеттік мекемелерінің басшылары осы өкімнен туындайтын тиісті іс-шараларды қабылдасын.
  3. Осы өкім «Қазыналы өңір» аймақтық газетінде ресми жариялансын.
  4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Құрмансейітке жүктелсін.

 Қаражал қаласының әкімі                                                                  Т.Досаев