Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов белгілі промоутермен келісімшартқа отырды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Suleiman Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды sports.kz.

«Suleimen Team-ға қош келдіңіз! Абылайхан Жүсіповпен келісімшартқа қол қойылғаны туралы ресми түрде жариялаймыз! Абылайхан, жеңістерге оңай қол жеткізсін, ал әрбір қойылған мақсат шындыққа айналсын! Сен басынан аяғына дейін барлық жолдан өте алатыныңа сенімдіміз, біздің команда саған әлем чемпионы атағын жеңіп алуға көмектеседі!» – деп жазады Instagram парақшасында Suleimen Promotions.

Әуесқой деңгейде Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының капитаны болды. Сонымен қатар ол үш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Кәсіпқой бокста Жүсіпов 2020 жылдың қазан айында дебют жасады, бірақ сол жеңістен кейін кәсіпқой деңгейде жекпе-жек өткізген жоқ.