Алғашқы супермаркет ашылды

Қаражал қаласында«Ақ-Ниет» аталатын алғашқы супермаркет өз жұмысын бастады. Енді мұнда тұрғындар азық-түлік өнімдерінің алуан түрін кең көлемде сатып ала алады. Халықты қуанышқа кенелткендер –Абзал жəне Гүлнар ҚАЙРАМБЕКОВТЕРбұған дейін де қалада көтерме сауда дүкенін ашып, кəсіпкерлік бағытындағы құптарлық қадамымен танылған жаңаарқалық азаматтар.

Судай жаңа супермаркеттің пайдалануға берілуіне арналған салтанатты шараға қалалық мəслихат хатшысы Зəмзагүл Оспанова қатысты. Сауда нысаны иелеріне сəттілік тілеп, лентасын қию рəсімін өткерді.

– Ел игілігіне қызмет істеп жатқан осындай еңбекқор азаматтарды əрдайым үлгі етеміз. Абзал қаланыңтыныс-тіршілігінен де тыс қалып көрген емес, əрдайым сауапты істердің басы-қасында болып, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып жүреді. Алдағы уақытта істері ілгері баса беруіне тілектеспін, – деді Зəмзагүл Қажымұқанқызы.

«Супермаркеттің құрылыс жұмыстары былтыр басталып еді. Əзірше, 10 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, алдағы уақытта олардың санын ұлғайту ниетіміз бар. Нысанның құрылысына «Атамекен» кəсіпкерлер палатасының қолдауымен жеңілдетілген несие алдық. Келешекке жоспарлар өте көп. Қазіргі мақсат – осы кəсіпті дөңгелету» дейді Абзал Қайрамбеков.

Супермаркеттегі сапалы жəне төмен бағадағы азық-түліктер, жеміс-жидектер тұтынушылар көңілінен шығуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жерден тұрмысқа қажетті тауарлар да табылады.

Бұл жоба басқа да тың қадамдардың бастамасы болады деген сенімдеміз.

Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ