Төрт жоба және 12 нысан бойынша жұмыс жүруде

Қаражал қаласы күн сайын құлпырып келеді. Оны соңғы жылдардағы қарқынды құрылыс көлемінен байқауға болады. Осыдан бірер апта бұрын қазыналы өңірде «Мемлекеттік рәміздер алаңы» мен заманауи үлгідегі баспаналар пайдалануға берілуі соның айқын айғағы. Жалпы, қазір қалада тұрғын үй коммуналдық саласын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Ал, оның барысы қалай? Біз осы жайлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Светлана Милиусты әңгімеге тартқан едік.

– Светлана Юрьевна, қазыналы өңірдегі құрылыс саласының жай-жапсары қандай? Әңгімемізді осы сауалдан бастайық.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ондаған жылдар бойы жинақталған инфрақұрылым мәселелерін шешу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды қолға алуды тапсырғанын білесіздер. Бұл ретте, Қаражал қаласында да ауқымды жұмыстар қолға алынып отыр. Осы орайда біздің құрылыс бөлімі 12 құрылыс нысаны мен 4 жобаға тапсырыс беруші болып табылады. Атап айтқанда – инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) орналастыру бағдарламасына сәйкес 5 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2-нысан бойынша сатып алу, қаржыландыру мәселесі шешілгеннен кейін жүзеге асырылады. – Жақсы екен. Енді осы бағыттағы жұмыстарды жіктеп айтып берсеңіз. – Сөзімнің басында айтып өткенімдей, жылдар бойы жинақталған инфрақұрылым мәселелерін шешу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Қаражал қаласының 12-орамындағы көпқабатты тұрғын үй қорының нысандарына инженерлік желілер тарту, Қаражал қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік инфрақұрылымдар құрылысы, Қаражал қаласы, 25-орамдағы 20-мекенжайы бойынша көпқабатты тұрғын үйге арналған инженерлік инфрақұрылым, Жәйрем кентіндегі жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік инфрақұрылым құрылысы, Шалғы кентіндегі су құдығына 10 кВ әуе желісінің құрылысы.

– Осы жұмыстардың бүгінгі барысы қандай?

– Керемет деп айта алмаймын. Десек те, қолға алынған жұмыстар саты-сатысымен жүріп жатыр. Жоба бойынша құрылыс құны сараптамаға сәйкес айқындалып, сатып алу процестері жүргізілді. Мердігерлер белгілі. Әйтсе де қымбатшылықтың салдарынан жұмыс толық жүріп кете алмай тұр. Қаржылық қолбайлау толық шешімін таппай отыр. Бұл, әсіресе, инженерлік инфрақұрылымдар құрылысына қатысты болып отырған жайт. Алайда, жүзеге асырылғандары да жоқ емес. Айталық, Шалғы кентіндегі су құдығына 10 кВ әуе желісінің құрылысы толық жүзеге асырылды. Жоба бойынша құрылыс құны 36 052,0 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерге келісім-шарттар жасалды. Мердігер болып «ЖАНЭМСИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды. Олар қорғаныс арқылы әуе электр желісін салып, 1,5 шақырымға VLZ-10 кВ сым тартты. Жұмыс аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.

– Қаражал-Жәйрем өңірінде ұзаққа созылған құрылыс нысандары аз емес. Бұл мәселелер қалай шешіліп жатыр?

– Сіздің айтып отырғаныңыз «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы ғой. Иә. Құрылысы 2022 жылы басталған бұл нысандарда кезінде қаржы жетіспеушіліктен жобаға өзгерістер енгізілді. Жалпы бұл жоба бойынша 3 нысанда жұмыстар жүргізілуде және 1 жоба әзірленуде. Нақтырақ айтар болсам, Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта құрудың 2-кезеңі бойынша жоба құрылыс құны 3 476 807,0 мың теңгені құрайды (жобаның сметалық құнын түзетуді ескере отырып С.М.). Жұмыс 2022 жылы басталды. Нысан 2025 жылы толық пайдалануға беріледі деп отырмыз. Әйтсе де оны аяқтау үшін 597 302,0 мың теңге қажет. Нысан бойынша 505 дана ұңғымалар орнатылып, 30 шақырым кәріз желілері тартылды. Модульдік кәріздік сорғы станциялары мен кәріздік тазарту құрылыстарын орнату аяқталды. Дайындық — 65%. Сол сияқты, Қаражал қаласының кәріз желілерін қайта құрудың 2-кезеңі де жүріп жатыр. Жоба бойынша құрылыс құны 3 832 000,0 мың теңгені құрайды (жобаның сметалық құнын түзетуді ескере отырып С.М.). Мердігері – «АГС-ПЛАСТИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жобасы іске асырыла бастағаннан бері 362 дана құдықтар орнатылды, 21,59 шақырым кәріз желілері тартылды. Модульдік кәріздік сорғы станцияларын орнату және кәріздік тазарту құрылыстарын орнату үшін іргетастарды дайындау аяқталды. Нысанның дайындығы – 50%. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілген үшінші нысан – Ақтай елді мекеніндегі су құбырларының құрылысы. Бұл жұмысты аяқтау үшін 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қаланың құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алулар жүргізіп, құрылысмонтаждау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерге келісім-шарттар жасалды. Мердігер — «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС. Нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінде ол пайдалануға беруге дайындалып жатыр. Бұлардың сыртында біз жаңа бір жобаны қолға алып отырмыз. Ол – су құбырын салуға арналған «Клыч-Қаражал» жобасы. 2024 жылы жобаны әзірлеуге жергілікті бюджеттен 40 178,0 мың теңге бөлінді. Жобаны әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтау – 2025 жылдың 25 желтоқсаны деп белгіленді. Жобаның мақсаты – Қаражал қаласының тұрғындарын техникалық сумен қамтамасыз ету. Бұл ауызсуды үнемдеуге ықпал етеді, сондай-ақ, Қаражал қаласындағы жасыл желектерді қалпына келтіру бойынша экологиялық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және қала тұрғындарына өз учаскелерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге мүмкіндік жасайды. Жобада ескі су қоймасынан жаңасына сорғы станциясын, қалаға су айдайтын сорғы станциясын, «Клыч-Қаражал» су құбырын және қаладағы суды шағын аудандарға тарататын сорғы станциясын салу қарастырылған. Алайда, бөгет пен ондағы құрылыстарды коммуналдық мен шікке тіркеудің жоспарланған рәсімдері жүргізілмегендіктен, жоба 2 кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде – «Клыч-Қаражал» су желісін тарту және тарату сорғы станциясының құрылысын салу. Екінші кезеңде – «Қылыш» су қоймасының бөгетінде сорғы станцияларын салу. Осы екі кезең жобаларын әзірлеу аяқталғаннан кейін блокішілік техникалық сумен жабдықтау желілерін салу жобасын әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

– Жаңа жоба жайлы әңгіме бастадыңыз ғой. Жалпы қалада қандай жаңа нысандар құрылысы жүріп жатыр?

– «Жаңа нысандар салу және қолда бар нысандарды реконструкциялау» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1 құрылыс жобасы әзірленуде. Ол Қаражал қаласының Тәуелсіздік көшесі, 12-үй мекенжайы бойынша үйді қайта құру. Бұл нысандағы жұмыс үстіміздегі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтіп отырмыз.

– Жақсы екен. Ал енді, қаладағы спорт нысандарының құрылысы қалай жүріп жатыр? Алды қашан пайдалануға беріледі?

– «Спортты дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 2 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде, 1 жоба әзірленуде. Оның бірі – жабық жүзу бассейнінің құрылысы. Нысанның құрылысымен «Балқаш Жібек жолы» ЖШС айналысып жатыр. 2023 жылы құрылыс құнының өсуі бойынша сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді. Нысанның дайындығы – 85%. Егер, бәрі ойдағыдай болса нысан қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Екінші спорт нысаны Битабар көшесі, 6 А мекенжайы бойынша орналасқан «Горняк» стадионын қайта құру. Стадионды қайта құру жобасын 2019 жылы «ҚазақЭнергоПром» ЖШС әзірлеген. Тапсырыс беруші – GU «Қаражал электр станциясы» құрылыс бөлімі. Қаржыландыру көзі – қалалық бюджет. 2023 жылы учаскедегі қалдық жұмыстардың сметалық құнына түзету жүргізілді. Нысанның бүгінгі күнгі дайындық деңгейі – 90%. Жұмысты аяқтау 2024 жылдың қараша айына жоспарланған. Осы салада тағы бір жоба қолға алынды. Ол – «Ұлытау облысы Қаражал қаласында жабық хоккей кортының құрылысы». Жобаны әзірлеуге жергілікті бюджеттен 19 034,0 мың теңге бөлінді. Мердігер – «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС. Жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері бойынша облыстық бюджеттен 75 823,7 мың теңге керек. Өкінішке орай бұл қаржы түспей тұр. Бюджеттік өтінім Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданды.

– Алда қандай жұмыстар жоспарлап отырсыздар? Әңгімемізді сонымен түйіндесек.

– Алдымызда тұрған ауқымды жұмыстың бірі де бірегейі «Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша салынатын құрылыс нысандарын жүзеге асыру. Бұл бағытта биыл 2 нысанның құрылысы және 1 жобаны әзірлеу басталды. Оның бірі, Қаражал қаласындағы өрт сөндіру бекетінің құрылысы. Қаражал қаласындағы жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бекеті апатты жағдайда. Көліктерге арналған жәшіктер мен құтқарушыларға арналған үй-жайлардың құлау қаупі төніп тұр. Сондықтан, 2023 жылы Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша қала бюджеті есебінен 6 көлікке арналған автокөлік тұрағы бар гараж құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сараптама қорытындысы бойынша нысанның сметалық құны 594 315,8 мың теңгені құрайды. Құрылыс құны – 580 930 650,0 мың теңге. Қаражал қаласының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысан құрылысының маңызы зор. Сондықтан, мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерге келісім-шарттар жасалды. Мердігер – «Астана Премиум Строй» ЖШС. 2024 жылы жобаны іске асыруды бастау үшін жергілікті бюджеттен 10,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 56 983,0 мың теңге бөлінді. Жоба іске асырылғаннан бері барлығы – 24 241,4 мың теңге игерілді. Осындай өрт сөндіру бекеті Жәйрем кентіне де керек. Жәйремде өрт сөндіру бекеті жоқ. Бұл елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, сондықтан, 2023 жылы Ұлытау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша қала есебінен жоба әзірленді. Жәйрем кентінде 6 көлікке арналған автокөлік тұрағы бар гараж, өрт сөндіру бекеті ретінде пайдалануға арналған.

Нысанның сметалық құны сараптама қорытындысы бойынша 851 957 000 теңге. Құрылыс құны – 732 376 2 мың теңге.

Мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерге келісім-шарттар жасалды. Мердігер – «Астана Премиум Строй» ЖШС.

Жобаны іске асыруды бастау үшін үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 10,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 80 396,0 мың теңге бөлінді. Барлығы – 31 699,7 мың теңге жобасы іске асырыла бастағаннан бері игерілді.

Үшінші жұмыс – Қаражал қаласында көпфункционалды орталықтың құрылысына арналған ПСД әзірлеу.

2024 жылы жобаны әзірлеуге жергілікті бюджеттен 23 907,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша жобалау ұйымы –«Қазақстан сәулет-құрылыс компаниясы» ЖШС анықталды. Жобалық сметалық құжатты әзірлеуді аяқтау – үстіміздегі жылдың 31 желтоқсаны.

 – Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.