еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам

25 қазан — Республика күні құтты болсын!!Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты — Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.

Осы атаулы күні Отанымыз — Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.

Ахметова Жұмакүл Жандаулетовна

Қаражал қаласы маслихат депутаты

#Республикакүні

#25қазан

#AMANAT

https://www.instagram.com/p/DBiuV_8sKkP/?igsh=bGR0aTMwaDRpNTR6