Құрметті жерлестер,сіздерді ұлттық мейрам 25 қазан-Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын! Отанымыз бай-қуатты болып, әр отбасында татулық,молшылық, береке,қуаныш,ізгілік орын алсын! Өскін ұрпақтың, яғни жастарымыздың отансүйгіштігі биік дәрежеде болсын! ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Мемлекетіміздің ең басты байлығы-халық, ең басты құндылығы-адам»-деп нақты шегелеп айтады, сондықтан түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар болсын, қоғамдық ұйымдар болсын халықтың, адамның мүддесіне қызмет етуді басты мақсат пен міндет деп белгілейді. Бүгінгі таңда Қаражал қаласының қоғамдық ұйымдары қатарындағы Ардагерлер кеңесі, таяу арада оның жанынан құрылған Билер кеңесі, Аналар кеңесі және қазіргі таңда қазақ халқының дәстүр-ғұрыпымен үйлесетін, үндесетін тағы бір маңызды қоғам ұйымының болуы өте орынды, ол -Ақсақалдар кеңесі ұйымы ресми түрде ұйымдастырылғаны жөнінде айта кету қажет. Осы қоғамдық ұйымдардың басты мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын жұмыс жоспарларындағы көзделген іс-шаралардың мазмұны қоғамның бірлігін,келісімі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталады. Қазақстан-зайырлы мемлекет, жеріміз,туымыз, таңбамыз бәрімізге ортақ. Ең маңыздысы сол,бұны біз келесі ұрпаққа беруіміз керек, себебі біз бұны алдыңғы ұрпақтан аманат қылып алдық. Қаламыздың ақсақалдары, ардагерлері,апа-әжелері Қазақстан Республикасы күніне орай 22 қазан күні қаламыздағы «рәміздер алаңының» ашылу салтанатына қатысты. Бұл үлкен маңызы мен мәні бар, есте қаларлық оқиға болды.Аға буын азаматтарымызға қарап келесі ұрпақ, жастарымыз бой түзеп, іс-әрекет жасайды. Еліміздің рәміздерін: Ту, Елтаңба, Гимнді құрмет тұтып, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктері, патриоттық сана-сезімдері арта түсетіні сөзсіз.