Құрметті менің жерлестерім!
Баршаңызды еліміздің басты әрі маңызды мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын.
Республика күні – азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі.
Бүгінде Қазақстан — нарықтық экономикасы қарқынды дамыған, демократиялық қоғамдық құрылымы қалыптасқан және зор халықаралық беделге ие заманауи мемлекет.
Қазақстанның басты тірегі — бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез-келген міндеттерді жемісті жүзеге асыра аламыз!
Ұлы даламызға құт қонып, Қазақстанымыз өркендей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке мен бірлік мәңгі орнай берсін!
Омар Мешітбай, Қаражал қаласының құрметті азаматы, Қаражал қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы