Референдум қоғамдық сананың жоғары деңгейін көрсетеді

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. Бұл шешім тұрақты дамуға ықпал етіп, энергия тұтынудың өсуімен байланысты сын-тегеуріндерге жауап береді.

ҚР Орталық референдум комиссиясы референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады. Алынған деректерге сәйкес, референдумда оң шешімді қолдаған азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12%-ды құрады.

Азаматтар еліміздің болашағына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті, бұл қоғамдық сананың жоғары деңгейін көрсетеді. АЭС-тың құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашуға және заманауи технологияларды енгізуге көмектеседі, бұл, сөзсіз, экономиканың дамуына оң әсер етеді.

Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көмірқышқыл газының шығарындыларын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, бұл жаһандық экологиялық мақсаттарға сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мен оның азаматтары үшін таза және қауіпсіз болашаққа маңызды қадам.

 Ахметова Жұмакүл Жандәулетовна

 Қаражал қалалық мәслихатының депутаты