Жәйрем кенті әкімінің 2023 жылда атқарған жұмыстары бойынша есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылда Жәйрем кенті бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін назарларыңызға ұсынамыз.

КЕНТ БЮДЖЕТІ
Кент бюджеті есеп беру кезеңінде, Қаражал қалалық мәслихатының сессиясымен 3 рет нақтыланып, жылдық қаржыландыру жоспары келесі көлемдерде бекітіліп, игерілді:
1) кірістер – 2 129 812 мың теңге, 2022 жылмен салыстырғанда жылдық қаржыландыру жоспары 1,8 есеге яғни, 944 775 000 теңгеге ұлғайды, оның ішінде:
— салықтық түсімдердің жылдық жоспары – 34 730 000 теңге, орындалуы 1,8 есеге көбейді (ол 20 943 200 теңге), жылдық жоспардың орындалуы 175%, 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге ұлғайды;
— салықтық емес түсімдердің жылдық жоспары – 3 870 000 теңге, орындалуы 4,1 есеге көбейді (ол 11 476 200 теңге), жылдық жоспардың орындалуы 242%, 2022 жылмен салыстырғанда 4,1 есеге ұлғайды.
— негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жылдық жоспары – 8 749 мың теңге, орындалуы 100%;
— трансферттер түсімінің жылдық жоспары – 2 082 463 мың теңге, орындалуы 100%;
2) шығындар – 2 138 552 мың теңге, 2022 жылмен салыстырғанда жылдық қаржыландыру жоспары 1,8 есеге яғни 945 858 000 теңгеге ұлғайды, жылдық жоспардың орындалуы 99,4%, бұл қаражат төменде көрсетілген мақсаттарға бөлінді:
— Кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, жоспары 312 218 000 теңге, орындалуы 95,9% (яғни, 300 491 600 теңгесі игерілді, 11 726 400 теңгесі мемлекеттік сатып алудан және қосымша құн салығынан үнемделген сома);
— Әлеуметтік көмек көрсету бөлімін қамту, жоспары 15 300 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 15 300 000 теңгесі игерілді);
— Жергілікті деңгейде мәдени-сауық орталығының қызметін қолдау, жоспары 615 019 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 615 019 000 теңгесі игерілді);
— Кенттегі көшелерді жарықтандыру, жоспары 78 563 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 78 563 000 теңгесі игерілді);
— Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, жоспары 10 668 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 10 668 000 теңгесі игерілді);
— Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жоспары 281 055 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 281 055 000 теңгесі игерілді);
— Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, жоспары 198 150 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 198 150 000 теңгесі игерілді);
— Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоспары 59 313 000 теңге, (яғни, 59 313 000 теңгесі игерілді);
— Кент жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары, жоспары 568 266 000 теңге, орындалуы – 100%, (яғни, 568 266 000 теңгесі игерілді).

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
Кентіміздің автокөлік жолдарын жөндеу және күтіп ұстау мақсатында жергілікті және облыстық бюджеттен 619 582 702,68 теңге бөлінді, оның ішінде:
1. Автокөлік жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 290 585 045 млн теңге қаражат бөлінді. Мердігер «KazNetService» ЖШС. Жалпы жұмыс көлемі – 25 064м2 Саяжай ықшам ауданының (мкрн Дача) басты көшесі — 8400м2, Жәйрем ГРЭ ықшам ауданында (Береке, Первооткрывателей көшелері) — 16 664м2 көлемінде асфальттау жұмыстары аяқталды.
2. Техникалық қадағалау жұмысы бойынша Мердігер «АстанаДорАркитекс» ЖШС, бөлінген қаражат — 8 473 459.68 теңге. Жұмыстары толық аяқталды.
3. Екінші автокөлік жолдарын орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 253 807 020 млн теңге қаражат бөлінген, Мердігер «Арқа құрылыс» ЖШС Жаңаарқа. Аталмыш мердігер жалпы көлемі — 23220 м2 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді: Мұратбаев көшесі, 7 үйдің алды (215*6=1290м2), Сейфуллин көшесі, 10 үй- Асатов көшесі 15 үй алаңдары ( 320*6=1920м2), М.Әуезов көшесі 10 үйден Мұратбаев көшесіне дейін (315*6=1890м2), Момышұлы көшесінен Жәйрем-Қаражал трассасына дейін (2000*7=14000м2), Аурухана тұрақ бекеті (103*40=4120м2 көлемінде асфальттау жұмыстары аяқталды.
4. Техникалық қадағалау жұмысы бойынша Мердігер «КустанайСпецСтрой» ЖШС, (Түркістан, Шымкент, Қостанай қалаларында тіркелген), бөлінген қаражат – 7 404 278 теңге. Жұмыстары толық аяқталды.
5. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен ашық конкурс жеңімпазы анықталғанға дейінгі 2 айға Мердігер «Айсара» ЖК-мен келісім жасалынды. Сомасы — 7 990 000 теңгені құрады. Келісім шарт аясында қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
6. Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен 33 964 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «ЖЖЖ Жалгас» ЖШС. Атқарылған жұмыстары – көше жарық шамдарын қалыпқа келтіру және күтіп ұстау, жол белгілерін сызу және жол белгілерін ұйғарымға сай орнату, кент көшелерін құмнан, тастан, кездейсоқ қоқыстан тазалау, автокөлік жолдарының бойындағы талдарды қалыпқа сай кесу, аялдамаларды қалыпқа келтіру және күтіп ұстау, жолдарды сыпыру және су себу, қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау т.б. жұмыстар жүргізілді.
7. Аялдама павильондарын салу жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 17 358 900 теңге бөлінді, Мердігер — «Дария» ЖК. Келісім шарт аясында 15 дана аялдама қойылды, 5 дана металлдан, 10 дана поликорбанаттан.

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА
Кентіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 16 182 285 теңге бөлінді, онын ішінде:
Кент бойынша 2021 жылы 9 дана, 2022 жылы 10 дана бейнебақылау камералары орнатылған. 2023 жылы жергілікті бюджеттен 13 504 285 теңге бөлініп 44 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Мердігер «Energy MMA» ЖШС Жәйрем.
2021 жылы Металлургтер-Абай көшелері қиылысына көше қауіпсіздігі үшін бағдаршам орнатылды.
2023 жылы бағдаршамды және бейнекамераларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 2 678 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер ЖК «Мансур» Жәйрем. Аталмыш мердігер бағдаршамды және 19 бейнекамераларын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізді.
Кенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын орындау барысында Қаражал қалалық полиция бөлімімен келісіліп жол белгілері орнатылып, кенттің басты көшелеріне жол белгілері сызылды (разметка дорог). Сонымен қатар автокөлік жылдамдығын азайту мақсатында жасанды соққылар орнатылды (искуственный неровность).
Аталмыш бейнебақылау камералары арқылы ағымдағы жылы 505 бап бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

АБАТТАНДЫРУ
Кентімізді абаттандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 293 182 089,68 теңге бөлінді, онын ішінде:
1. Техникалық тротуар салу жұмысына жергілікті бюджеттен 25 480 000 теңге қаражат бөлінді, мердігер — «FERAZh-30» ЖШС. Аталмыш мердігер келісім шарт бойынша Металлургтер көшесі бойына (Асатов қиылысынан Мешітке дейін) 1490 м2 техникалық тротуарын салу жұмыстарын жүргізді.
2. Қ.Сағырбаев көшесін абаттандыру жұмысы бойынша 26 784 821.00 теңге қарастырылды, мердігер — «ЖЖЖ Жалгас» ЖШС. Сағырбаев көшесіндегі айналма жолды брусчаткалап «Домбыра» МАФ-ын және «Алтыбақан» МАФ-ын орнату жұмысы жүргізілді.
3. Балалар ойын алаңқайын, спорт алаңдарын және жаттығу алаңдарын күтіп ұстау жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 12 258 579 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – ЖК «Балабеков Н» ЖК, аталмыш мердігер 27 балалар ойын алаңын, 6 жаттығу алаңдарын және 10 спорт алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қосымша балалар ойын алаңына МАФ орнату жұмыстарын жүргізді.
4. Саябақтар және аллеяларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 10 999 999 теңге бөлінді, мердігер — «ЖЖЖ Жалгас» ЖШС. Аталмыш мердігер «Жастар», «Жеңіс» саябақтары, Абай алаңы, Металлургтер аллеясын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізілді.
5. Металлургтер алаңын абаттандыру (сол жақ бойын) жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 50 071 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер — ТОО «Perfect design». Аталмыш мердігер Металлургтер көшесі бойына толықтай қоршаулар орнатылып, жасанды көгалдар төселініп, брусчатка салу жұмыстарын аяқтады. Сонымен қатар жарықтар мен орындықтар орнатып, қоқыс салатын жәшіктер қойып, биіктігі 10 метрлік «Шаңырақ» шағын архитектуралық формасын орнату жұмыстарын жүргізді.
6. 2-орамды абаттандыру жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 42 426 119.68 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Perfect design» ЖШС Жәйрем. Аталмыш Мердігер 2-орамдағы көп қабатты тұрғын үйлердің алдына қоршаулар орнатып, орындық, қоқыс жәшіктерін орнатты. Сонымен қатар 3 самалжай (беседка) орнатылды.
7. 7-орамды абаттандыру жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 54 208 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Нур-Строй Гарант» Караганды, аталмыш мердігер 7-орам ішін асфальттау, үйлердің алдына қоршаулар орнату жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар, әр есік алдына орындық, қоқыс жәшігін және орам бойынша 3 дана самалжай (беседка) орнату жұмыстарын жүргізді.
8. Жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 10 167 857,00 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «ARKA Group Co» ЖШС Жәйрем. Асатов -1066м2, Абай — 190м2 жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары толық жүргізілді.
9. Волейбол алаңдарын орнату жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 9 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – ЖШС «Абадан груп», 2 волейбол алаңдарын орнату жұмыстарын толық аяқтады.
10. «Жәйрем–Болашақ» КМК мекемесінің гаражын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер — Абдрахманов Н.К. «Байқоңыр» шаруа қожалығы Жаңаарқа, Келісім шарт бойынша жұмыстарын толық аяқтады.
11. «Жәйрем–Болашақ» КМК мекемесінің гаражын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 26 785 714 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Мансур» ЖК, шарт бойынша жұмысатарын толық аяқталды.

КӨГАЛДАНДЫРУ
Кентімізді көгалдандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 4 764 800 теңге бөлінді, онын ішінде:
1. Жасыл желектерді сатып алу және орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 2 564 800 теңге бөлінді. Мердігер ОО «Производственный комплекс «AROS». 20 вазон, 8000 дана пентунья гүлдері және 50 ілінетін екіжақты гүл салғыш сатып алынды және орнатылды.
2. Апаттық жағдайда тұрған талдарды кесу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 2 200 000 теңге бөлінді. Мердігер ОО «Жалын». Кент бойынша апаттық жағдай тудырып тұрған ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізді.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Кентімізді жарықтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 64 631 467 теңге бөлінді, онын ішінде:
1. 2023 жылы кент көшелерін жарықпен қамтамасыз ету мақсатында 12 642 467 теңге қаражат бөлінген, мердігер – ЖК «Томирис». Аталмыш мердігер кент бойынша жалпы саны 60 дана жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізді. (Металлургтер, Асатов, Сейфуллин, Абай 6, Ералиев көшелері). Қосымша жарық шамдарын қосуға арналған трансформатор орнату жұмыстарын жүргізді. Жұмыс толық аяқталды.
2. 3 дана КТПН сатып алу және орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 26 100 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Олимп-2014» ЖШС. Аталмыш мердігер 3 дана КТПН сатып алып орнату және қосу жұмыстарын жүргізді.
3. Жарық шамдарын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 18 300 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер –«Perfect design» ЖШС. Аталмыш мердігер қазіргі таңда 87 дана жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізді.
4. 2-орамдағы жылу қазандықтарына реклоузер орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджетен 7 589 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер –«Мансур» ЖК. Келісім шарт бойынша жұмысатары толық аяқталды.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КӘРІЗ
ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ
Кентімізді сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мақсатында жергілікті бюджеттен 208 917 871 теңге бөлінді, онын ішінде:
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі кент әкімі аппаратының «Жәйрем-Болашақ» КМК мекемесі айналысады.
2023 жылы кенттегі сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 157 000 000 (72 000, 30 000, 55 000) теңге қаражат бөлінді. Бөлінген сома кенттегі су құбырларында орын алған 56 апатты жағдайларды және кәріз құбырларындағы 111 апатты жағдайларды жоюға жұмсалды.
Судың шығынын есептеу мақсатында 1016 дана есептегіш, оның ішінде 20 дм — 500 дана, 25 дм – 500 дана және 50 дм -16 дана есептегіш сатып алып орнату жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 23 750 000 теңге.
Сонымен қатар, 2 дана су ысырмаларын (задвижка) сатып алып орнату жұмыстары жүргізілді (400 дм). Бөлінген қаражат – 7 500 000 теңге.
Кәріз жүйесінің ғимаратын жөндеу мақсатында жергілікті қаражаттан 10 000 000 тг қаражат бөлінді, аталмыш ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1. 50 дана қоқыс контейнерларын сатып алу бойынша жергілікті бюджеттен 2 183 944 теңге қаражат бөлінді, мердігер – «KTM Group» ЖШС, 50 дана қоқыс жәшіктері сатып алынды.
2. Қоқыс алаңдарын қоршау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 5 133 928 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Мансур» ЖК. Келісім шарт уақытына сай 12 қоқыс алаңдары орнатылды. Үнемделген сомаға қосымша жұмыстар жасалынды.
3. Рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 3 349 999 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Айкенов» ЖК, келісім шарт бойынша жұмысатары толық аяқталды.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ
Кентімізді жылумен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 140 924 197,09 теңге бөлінді, онын ішінде:
1. Жылу қазандығын кеңейту мақсатында жергілікті бюджеттен 75 252 349,09 теңге бөлінді. Мердігер – «Караганда-Котломаш» ЖШС. Жұмыстар толық аяқталып, қазіргі таңда жылу қазандығы жұмысқа қосылды.
2. Қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 9 966 880 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «Жалгас» ЖК Жаңаарқа. Келісім шарт аясында толық жұмыстар жүргізілді.
3. Қосымша 2-орамдағы және Абай көшесіндегі жылу қазандықтарына 2 дана генератор сатып алу және орнату жұмысы бойынша 8 737 568 теңге бөлінді. Мердігер – «Casper Group» ЖШС, 2 дана генератор сатып алып орнатылды.
4. Жылу қазандықтарын орнату жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 43 430 400,00 теңге қаражат бөлінді. Мердігер – «Emar Compani» ЖШС, 5 қазандық орнату жұмыстары жүргізілді.
5. Қазандықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 3 537 000 теңге қаражат бөлінді. Мердігер «Мансур» ЖК, Келісім шарт аясында толық жұмыстар жүргізілді.

МЕМОРАНДУМНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Жәйрем кентінің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеру, инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында, облыс әкімдігі, «Казцинк» ЖШС және «Жәйрем Дамуы» Корпоративтік қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жобалары 2016 жылдан бастап жыл сайын іске асырылып келеді.
Жәйрем кенті бойынша 16 көп қабатты тұрғын үй (әрі қарай КҚТҮ) бар. Онын ішінде, 8 КҚТҮ жертөлесі, 7 КҚТҮ шатыры Меморандум аясында 2021-2022 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда: Металлургтер көшесі 15, 17, 33, 35, 35/1; Мұратбаев көшесі, 7; Абай көшесі, 6; М.Әуезов көшесі, 2. Бөлінген қаражат – 83 020 000 тг құрайды.
Сонымен қатар 9 КҚТҮ шатырларын (Металлургтер 15, 17, 31/1, 37/1, Сейфуллин 10, Асатов 15, Абай 6, Асатов 14, Мұратбаев 7) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 135 317 0000 тг құрайды.
Жәйрем кентінде орналасқан 16 КҚТҮ барлық шатыры мен жертөлелеріне жөндеу жұмыстары жүгізілді.
«Жәйрем Болашақ» КМК мекемесіне арнайы техникалар (су тасушы көлігі, шансиман самосвал) сатып алынды, бөлінген қаражат – 67 680 000 тг құрайды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2023 жылда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтылу үшін 50 адам өтініш берді, оның ішінде: кент мекемелеріне тұрақты түрде жұмысқа орналасқандар саны – 15 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 6 адам, жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 9 адам, қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны – 20 адам.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 7 отбасы 9 адам тіркелді. Қазіргі таңда өтінім қабылдануда.
2023 жылда барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 23 мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде айтулы іс-шаралар:
• Манарбек Ержановтың 122 жылдығына арналған «Сайра, бұлбұл» I Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы.
• Садық Қасымұлы Асатовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алашқа әйгілі Асатов» атты еске алу кеші.
• Жәйрем кенті әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы.
• «Сарыарқа сазы» фестиваль-конкурсы.

КЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БОЙЫНША
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бе­кітілген регламентіне сәйкес, есеп беру кезеңінде кент тұрғындарына 333 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
— Отбасы құрамы көрсетілген тұрғылықты мекенжайы туралы анықтамасы – 205.
— Пеш жағатыны туралы анықтама – 87.
— «Е-Лицензирование» сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -37.
— Көпбалалы аналарды Мемлекеттік награда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу. Есеп беру кезеңінде 5 іс рәсімделіп, наградтауға ұсынылды. Бүгінгі күні кент бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен 144 көпбалалы ана марапатталды.
2023 жылда кент әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны 54 құрады.
Есеп беру кезеңінде кент әкімімен қабылданған шешімдер саны – 7, өкімдердің саны – 213, оның 89-і – негізгі қызмет бойынша.
2023 жылда жергілікті қауымдастықтың 6 жиналысы, 4 жиыны өтті.

Кент бойынша өзекті мәселелер:
1. Иесіз бос тұрған апатты жағдайдағы үйлерді бұзу;
2. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тіркеу, заңдастыру;
3. Білім беру нысандарының жетіспеушілігі (балабақша);
4. Тұрғын үй құрылысының жеткіліксіздігі.