Бүгінгі күні бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу саласын бақылау камералдық бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.
Бақылау конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден, тауар биржалары сияқты сатып алуды өткізу рәсімдерін қамтиды.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісін беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жалпы сомасы 10,8 млрд.теңгені құрайтын 1 119 мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізіліп, бақылаумен 1,5 млрд.теңге сомасында 533 мемлекеттік сатып алулар бойынша (49%) бұзушылықтар анықталған.
Анықтама: Департамент штатық режимде 2022 жылдың IV тоқсанынан бастап жұмыс істей бастады, сәйкесінше, сол кезеңдегі мәліметтер көрсетілген.
2023 жылдың өткен кезенінде камералдық бақылаумен жалпы сомасы 63,3 млрд.теңгені құрайтын 2 267 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, бақылаумен 7,6 млрд.теңге сомасында 554 мемлекеттік сатып алулар бойынша (25%) бұзушылықтар анықталды.
Бұл ретте, бұзушылықтардың басым бөлігі Жезқазған (126 хабарлама), Қаражал (115 хабарлама) қалаларында және Жаңаарқа ауданында (88 хабарлама), облыс аумағындағы білім беру (184 хабарлама), денешынықтыру (64 хабарлама) денсаулық сақтау (61 хабарлама) салаларында орын алған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алулардың тәсілдері бөлігінде бұзушылықтарға бір көзден сатып алу тәсілін қолдану кезінде жол берілген (294 хабарлама немесе 61,2%).
Келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың I тоқсанында жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері, өткен жылдың аталған тоқсанымен салыстырғанда бұзушылықтар дерегі 24% азайғандығы көрінеді.
Бұл камералдық бақылаудың тиімділігін, Департамент тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіңде бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың оң динамикасын көрсетеді.