13.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде 13.11.2026
Спорт

Біздің мақтанышымыз

04.12.2022 · 01:53 · admin

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2022 жылдың 25-27 қараша аралығында Жаңаарқа ауданында Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, самбо күресінен спорт шебері, КСРО және Орта Азия жарыстарының жеңімпазы Абдахмет Ижанұлы Қалжановты еске алуға арналған дзюдодан 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Республикалық турнир өтті.

Турнирге республикамыздың облыстарынан мықты спортшылары қатысты. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының Чирчик деген қаласынанда спортшылар келіп, қатысты. Қаражал қаласының МОРДБЖМ дзюдо мектебінен 73 кг салмақ дәрежесінде 3 орын Нұржан Егінтаев, 52 кг салмақ дәрежесінде 2 орын АлинаТарелкина, 40 кг салмақ дәрежесінде 3 орын Айгерім Ермек мен Айжан Ғабдулла.

Қаражал қаласының МОРДБЖМ басшысы Артем Сергейұлын және ұжым қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз.

«Қаражал к. МОРДБЖМ» КММ