АЗАМАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны Ұлытау облысында қарқынды жүргізілуде. Сайлауалды науқан аясында кандидаттар тұрғындармен жеке кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.
«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ақжол Құрмансейіт тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, қала тұрғыны А.Бәйменов жеке кәсібін дамытуды жоспарлап отырғанын айтып, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге партия тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына қызығушылық танытты.
Партияның 2031 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында ауыл кәсіпкерлігін қолдауға ерекше мән берілген. «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру және шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету көзделген.
Кандидат Ақжол Құрмансейіт азаматқа осы бағыттағы мүмкіндіктер туралы түсіндіріп, кеңес берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.