14.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Түсіндірме жүргізуге сұраныс» сервисі іске қосылды13.11.2026
Ақпарат ағыны

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

13.11.2026 · 17:48 · admin

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлдібек Тәуекелов Жезқазған гуманитарлық колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның 2031 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда көзделген негізгі міндеттер мен басым бағыттарға тоқталды.

Атап айтқанда, бағдарламада білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы жылдары өңірде бірқатар жаңа білім беру нысандарын салу, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру және жастарға сапалы білім алуға мүмкіндік жасау көзделген.

Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері де қамтылған.

Кандидат кездесуге қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, өңірдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.