14.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Түсіндірме жүргізуге сұраныс» сервисі іске қосылды13.11.2026
Ақпарат ағыны

ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАРАТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

13.11.2026 · 17:47 · admin

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымының Ұлытау облысы бойынша жетекшісі Диас Алтынбек Жастар Рухының белсенділерімен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Олар арнайы жарнама тақталары мен үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат етілген орындарға партияның сайлауалды үгіт материалдарын ілді. Сонымен қатар көшеде тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берді.

Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарды кандидаттармен және олардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сайлауалды бастамалар туралы ақпаратты кеңінен тарату.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.