13.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде 13.11.2026
Ресми · Спорт

Құрметті жерлестер! Қадірлі спортшылар, ардагерлер мен спортсүйер қауым!

20.08.2022 · 11:40 · admin

 

Дәстүр бойынша тамыздың әр үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде атап өтіледі. Спортшыларды, жаттықтырушыларды, денешынықтыру мұғалімдерін, спорт мекемелерінің қызметкерлерін және спортқа бей-жай қарамайтындардың барлығын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт – бұл денсаулық, сұлулық, рухтың беріктігі және оптимизм. Бүгінгі таңда спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мемлекеттік міндетке айналды деп сенімділікпен айтуға болады. Біздің қаламызда өскелең ұрпақтың шынығуына ықпал ететін жаңа заманауи спорт ғимараттары бой көтеретіні қуантады.

Біздің спортшылар қаламыздың спорт саласына елеулі үлес қосып, олардың белсенділігі мен жоғары нәтижелері оң имиджді арттыруға ықпал етеді. Біз әртүрлі халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз, жас спортшылардың жетістіктеріне қуанамыз.

Жаттықтырушылар мен спортшылар өз біліктері мен күштерін, өз тәжірибелерін туған өлкеміздің атын шығаратын лайықты азаматтар тәрбиелеу үшін қолданатынына сенімдіміз.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, жаңа жеңістер мен рекордтар, алға қойған мақсаттарыңызға жетуде жігер пен табандылық тілейміз.

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат хатшысы.