Мемлекетіміздің жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін биылғы Жолдау ел экономикасын арттырып, алға қарай нақты қадамдар жасауға бастайтын маңызды құжат екендігі айқын.
Бұл Жолдау негізінен əлеуметтік сонымен қатар экономикалық мəселелерді шешуді алға қойғандығы мəлім. Мемлекетіміздің маңызды құжаттарының бірінде халықтың көкейінде жүрген мəселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Əділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында орта кəсіпкерліктің басым бөлігі əбден дамыған кезде бөлшектеніп кететініне тоқталды. Ол Үкіметке шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кəсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіруді тапсырды. Ол шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдайтын бағдарламаға айналуы тиіс.
Кəсіпкерлікті қолдау туралы сөзін жалғастыра келіп, Президент экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу əрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын əділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кəсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керектігі туралы сөз қозғады.Ел президентінің бұл Жолдауында қоғам үшін маңызды үлкен мəселелер қозғалды. Қазіргі таңдағы əлемдік деңгейдегі мəселелердің бірі – су тапшылығы да қозғалып өтті. Сол себепті де бұл Жолдаудың қойған міндеттері өте зор.Осы орайда Əділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды екендігін ескергендігіміз жөн деп есептеймін.
Жанна АСАНХАНОВА,
Егінді а.о. жалпы білім беретін мектебі, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі.