Жемқорлыққа жол жоқ!

 

Жемқорлықпен күрес туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жері бойынша салық органына осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады.

Барлық мемлекеттік органдар мен, лауазымды тұлғалар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті, ал сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды, айыпты тұлғаларды немесе лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери полиция жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағдарламасын орындауда, азаматтардың сот билігіне сенімдерін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ, бүгінгі таңда баршамызды біріктіріп отырған күш-жігеріміздің басты мәселесі аталмыш әлеуметтік кеселдің ықпалынан қоғам мен мемлекеттік қауіпсіздігін өз құзыретімізде қамтамасыз ету басты мақсатымыз болуға тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар тиімділігі тек қана мемлекеттік, қоғамдық және құқықтық құрылымдарының арасында тығыз әрекетпен болған жағдайда ғана мүмкін болады деп ойлаймын.

Ж.ХАМИТОВА,

Қаражал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі.