Қала аумағының түн мерзімінде жарықтандырылуы – тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруының кепілі, қысқаша қайырғанда, айналып өтуге болмайтын аса маңызды қажеттілік.
Осынау өміршең сұранысты басты бағдар еткен жергілікті атқарушы билік көшелерді жарықтандыру мен олардың тиімді пайдаланылуына тұрақты негізде әрі айрықша назар аударып келеді.
Соның нақты бір айғағы – Тәуелсіздік көшесі мен Кляцкий атындағы саябақ бойындағы жарық беру бағандарындағы шамдардың жаңғыртылып, талапқа сай қалпына келтірілгені.
Іске жауапты мекеме басшылығының мәлімдеуінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта ширай түспекші.
Өз тілшімізден.