«Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы игі бастамалар

2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтуге болады. Мұның барлығы – «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы игі бастамалар. Бұл бастамаларды жүзеге асыруда халық болып бірігу және қолдау көрсетуді қажеттігін ескерсек, еліміз дамыған елдердің көшін бастары анық.

Жәйрем кенті әкімінің орынбасары — Б.И.Темірбай