Жұмысшы мамандықтар жылы!

2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы!

Биылғы жыл – ел дамуының нақты тірегі саналатын жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған ерекше кезең. Дәнекерлеуші, құрылысшы, электрші, ауыл шаруашылығы мамандары – бұлар еліміздің болашағын қалыптастыратын нағыз еңбек адамдары.

Қоғамға қажетті кәсіби біліктілік пен шеберлік – бүгінгі күннің басты құндылығы. Жастарды еңбекке баулу, кәсіби білім беруді дамыту – болашақ табыстың негізі.

Еңбек – елдің ертеңі!

Құрметтейік, қолдайық, мақтан етейік – өз ісінің шеберлерін!