Жәйрем кентіндегі мәдени-сауық орталығының іші жаңарды

Жәйрем кенті әкімі аппаратының “Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы” КМҚК 2024 жылы МСО-ның 1 қабатта орналасқан көрермен залын, спорт залын, кіре беріс фойесін, 2 қабаттағы шағын залын және барлық кабинеттердің есіктерін ауыстырып, линолеумды жаңартып, креативті форматқа сай, жаңа заман талабына сәйкес етіп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар мәдени-сауық орталығы алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жәйрем кентіндегі жалғыз мәдени ошақтың бүгінгі күйі өте керемет. Мәдени-сауық орталығының іші жаңа жиһаздарымен, заманауи форматтағы, сапалы музыкалық аппараттар, ВИА band секілді көркемөнерпаздар ұжымына керекті барлық техникалық жабдықтар алынды. Жаңа жыл мерекесіне орай өтіп жатқан ертеңгілікке келіп жатқан Жәйрем тұрғындарының яғни бала мен ата-анасының жүзі жарқын әрі қуанышқа толы эмоцияларын көріп бізде бір марқайып қаламыз…себебі мәдениет үйінің басты бір міндеті халықтың рухын көтеріп, жігерлендіретін, бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетін мекеме орны деп саналады. “Мәдениет ұлттың бет-бейнесі,рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді кішілі үлесімен мақтанады. Құрметті Жәйремдіктер және кент қонақтары! Қадірменді өнер сүйер қауым! Сіздерді Жәйрем кентінің Абая -22 көшесінде орналасқан мәдени-сауық орталығына шақырамыз!!! Біз ұйымдастырған мәдени шаралардың қәдірлі қонағы болыңыздар! Келе жатқае жаңа 2025 жыл баршамызға тек жақсылық, молшылық, қуаныш әкелсін! Жаңа жыо құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығының директоры А.Е.Иманбекова