Уақытылы шешім

Мемлекет басшысының су ресурстары мәселесіне ерекше назар аударып, Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасауды тапсыруы – өте орынды және уақытылы шешім.

Қазіргі таңда климаттың өзгеруі мен су тапшылығы әлемдік деңгейдегі өзекті проблемаларға айналып отыр. Қазақстан үшін де бұл мәселе стратегиялық маңызға ие.
Судың ысырап болуы, ескірген инфрақұрылым, нақты деректердің жоқтығы – бұл саладағы шешімін таппаған түйткілдер. Цифрлық платформаның енгізілуі осы мәселелерді жүйелі шешуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар арқылы суды тиімді басқаруға, нақты деректер негізінде жоспар құруға болады.
Сонымен қатар, кәсіби кадрларды даярлау, су дипломатиясын дамыту секілді бастамалар болашаққа бағытталған көреген қадамдар деп есептеймін. Су – тек шаруашылық пен ауыл шаруашылығының ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсімнің де негізі.
Ұлттық су теңгерімін қалыптастыру арқылы еліміз алдағы онжылдықтарға арналған тұрақты су саясатын жүзеге асыра алады деп сенемін. Бұл бастаманы толық қолдаймын және тиімді жүзеге асады деп үміттенемін.

Жетимекова Манара,

“Қаражал қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі”ММ басшысы