Тиісті шешімдер қабылданды

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІV сессиясы ZOOM платформасында өтті. Мәслихат хатшысы Зәмзагүл ОСПАНОВА тізгіндеген жиынға қала әкімінің орыбасары Нұрлан ОМАРОВ, Қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне «Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсанындағы №88 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №92 «2022-2024 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Қалалық мәслихаттың «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» №11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қойылып, талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Өз тілшімізден.