Қала әкімі Тілектес ДОСАЕВ биылғы жылы қала аумағындағы жолдарды жөндеу, үйлерді қайта қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу құқығын конкурстық рәсімдер негізінде иеленген мердігерлермен мақсатты кездесу өткізді.
Алдын ала бекітілген жоспар бойынша үстіміздегі жылы 12 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда істі ілкімді ұйымдастыруға қатысты дайындық жұмыстары қарқын алуда.
Сонымен қатар, аула аумақтары мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары да жарасымды жалғасын табады. Ең басты ерекшелік – биыл аулаларға асфальт төсеу жұмыстарының алғаш рет жоспарға енгізілуі.
Кездесу барысында мердігер ұйымдардың мүмкіндіктерін тағы бір мәрте зерделеген Тілектес Темірбекұлы тапсырысты орындаушы тараптар басшыларының алдына жұмысты сапалы деңгейде жүргізу және оңтайлы мерзімде атқару жөнінде тегеурінді талаптар қойды. Ол сондай-ақ, атқарылатын жұмыс ауқымы қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбауы қажет екендігін айрықша атап өтті.
Өңір тұрғындарының мүддесін ескере отырып қолға алынған жұмыстардың белгіленген мерзімде, сапалы әрі тыңғылықты тиянақталуын қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері де бақылауда ұстайтын болады.
Қала әкімі баспасөз қызметінің материалы негізінде әзірленді.