Тұжырымды шешімдер қабылданды

Қаражал қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Марлан ШАМБҰЛОВТЫҢ төрағалық етуімен мәслихаттың онлайн режимде өткен кезектен тыс XVIII сессиясында біршама маңызды сауалдар күн тәртібіне қойылып, талқыланды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Досбол ҚҰЛЫМБЕТОВ қатысты.

Күн тәртібіне шығарылған сауалдар қатарында «Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №77 «2022- 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №92 «2022-2024 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қаражал қаласының басқару схемасын бекіту туралы», «Қаражал қаласы әкімінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы», «Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» және «Қаражал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы ХХХІ сессиясының №274 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер болды.

Аталған мәселелер бойынша тиісті салалық мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен іске жауапты құзырлы мамандары және кенттер әкімдерінің хабарламалары тыңдалып, егжей-тегжейлі екшелді. Сессияда қарастырылған мәселелерге қатысты тұжырымды шешімдер қабылданды.

 Өз тілшімізден.