Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Сондықтан, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес. Дәрігердің жұмысы қай уақытта болмасын ең ізгі кәсіптердің бірі болып қала береді. Ол үлкен физикалық және моральдық күшті, шыдамдылық, терең білім мен мейірімділікті талап етеді. Әрбір азаматтың денінің сау болуы — сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулық сақтау жолындағы үйлескен әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз.
Қымбатты жерлестер!
Осы айтулы күні денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбектері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Шаңырақтарыңызға береке, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге күш-жігер мен төзімділік тілейміз.
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат
төрағасы.