Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Арман Нұрахметұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Тілләбек Саян Аднабекұлы – ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, дінтанушы, Тусупбеков Жаркын Амантаевич – мәдениеттанушы, рахани-адамгершілік тәрбие кеңесі төрағасының орынбасары, «Аманат» ҚҚ төрағасы, Далабаева Гульнар Бакеновна – сарапшы, ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктер», «Дін фанатизм – қауіпті дерт», «Дін және заң: құқықтық жауапкершілік», «Діни сенім бостандығы: құқық пен міндет», «Интернет кеңістігі арқылы таратылатын деструктивті діни идеологиялардың қауіптілігі», «Әлеуметтік желідегі заңсыз діни насихат жүргізудің қауіптілігі», «Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет», «Деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, өндіріс орындары мен мәдениет саласының қызметкерлері және т.б. тұрғындар қамтылды.
