Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының таяу арада дайын болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ең дамыған, мысалы Еуропаның Дания, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланд елдері социал-демократиялық идеологияның принциптерімен жұмыс істеп жатыр. Біз де сол бағытты ұстанамыз», — деді Нұрлан Әуесбаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырғаннан кейін.