Мемлекеттік қызмет – бұл адамдардың əлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тəуелдігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына жəне қызметкерлердің функияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік емес болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет кең жəне тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарында, мекемелерде, кəсіпорындарда жəне ұйымдағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады.
Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдарың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл əлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік – өкімдік сипаттамасы бар жəне оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тəртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын жəне мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Респуликасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік лауазым – мемлекеттік органың нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген лауазымның өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Лауазымды тұлға-ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе əкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік – заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лаузыммен көзделген өкілеттік.
Айгүл НҰРҒАЛИЕВА,
Қаражал қалалық қазынашылық басқармасының бас маманы, бас қазынашысы.