Мектепке жол

Еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан түрлі игі істердің қатарында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге көрсетілетін жақсылық бар: ол – оқу жылы қарсаңында жыл сайынғы ерікті азаматтардың тарапынан жасалатын «Мектепке жол» республикалық акциясы. Бүгінде еліміздің түкпір-түкіпірінде кеңінен ауқым алған бұл акция – жақсылыққа жаны құмар азаматтардың игі ісінің көрінісі.

Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім алушы жас өренге оқу жылы қарсаңында сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен және басқа да материалдық көмек көрсету.
Кентімізде дәл осы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде Жәйрем кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және «Марганец Жайрема» АҚ қолдауымен кентіміздегі аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылы қарсаңында сабаққа дайындық үшін оқу құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, №10, №30 жалпы білім беретін мектептердегі 10 оқушыға және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 8 отбасына, Жәйрем кенті әкімі аппаратының қолдауымен 1 отбасына көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны мен Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК №11 жалпы білім беретін мектептің 4 оқушысын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
Қай елде болмасын болашақтың көпірі болатын жас ұрпаққа қолдау көрсету – елдің болашағы үшін жасалатын ең игі іс. Осы жолда тамшыдай жақсылық еткен әрбір азамат елінің жанашыры бола бермек.
Бүгінде жанашыр азаматтардың қолдауын көрген жас өрен ертең елдің қамын ойлайтын азамат боларына сенеміз. Жаңа оқу жылында әрбір оқушы білімнің биік заңғарынан көрінер азамат болуына тілектеспіз.

«Жәйрем кенті әкімінің
аппараты» ММ.