Қалалық мəслихат залында қалалық Қоғамдық кеңестің төрайымы Сурия САДВАКАСОВАНЫҢ тізгін ұстауымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, бірқатар маңызды мəселелер қаралды.
Отырыстың күн тəртібіне Қаражал қалалық мəслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі L сессиясының «Əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №421 шешіміне өзгерістер жəне толықтырулар енгізу туралы, «Қаражал қаласы бойынша 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға жəне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» жəне «Қаладағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізу туралы» мəселелер қойылды.
Күн тəртібіне қойылған сауалдарға қатысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сауытбаев, қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Оксана Калашникова хабарлама жасады
Мəселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсынымдар берілді.
Өз тілшімізден.