«Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының төрағасы Серік Ақылбай Ұлытау облысында медицина мамандарымен және Жезқазған кен байыту фабрикасының ұжымымен кездесті. Жұмысшылардың сауалына жауап берді. Сайлау туралы заңдамадағы дауыс берушілердің құқығын қарапайым тілмен түсіндіріп, саяси науқанның өту барысы туралы жан-жақты ақпарат айтты. «Қазақстан заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған штабтың 14 өңірде филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ заңгерлер азаматтарға онлайн кеңес те береді. Серік Ақылбай, «Адал сайлау үшін» РҚШ төрағасы: — Сайлаушылардың көбіне қызықтыратыны «мен қай жерде, басқа жерде тұратын едім, барсам қалай болады?» Оны біз түсіндіріп айтамыз. Мысалы, тұрған жеріндегі сайлау комиссиясынан, өзінің бекітілгенінен алынып, уақытша барып тұрған жеріне тіркелу. Соны түсіндіріп айтамыз. Сосын айтатындары «сайлауға бармасам не болады» дейді. Оны да түсіндіреміз. Ештеңе болмайды! Ол сіздің құқығыңыз. Ол сіздің санаңызға байланысты деп.