Ұлытау облысында кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруге арналған учаскелер ашылды. Олар таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.
Облыс аумағында дауыс беруге арналған барлығы 136 учаске ашылды.
Өңірде 227 мың адам тұрады, оның 140 мыңы бүгінгі дауыс беру құқығына ие.
Облыс орталығында 60 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар үшін 33 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.
Бұдан басқа, тұрғындарды Сәтбаевта 29, Қаражалда 15, Жаңаарқа ауданында 29, Ұлытауда 30 учаске қабылдайды.
Облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында барлығы 1000-ға жуық адам жұмыс істейді.