Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай желтоқсан құрбандарына арналған Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі өтті.
Аталмыш іс-шарада сөз сөйлеген Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Ақжол Құрмансейіт «Ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған, елімізге еркіндік сыйлаған бұл күннің қасиетін, сонымен қатар басымызға қонған бақ – Тәуелсіздік еліміздің жалынды жастары бастарын қатерге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктерінің арқасы» екенін жеткізді. Желтоқсан оқиғасының тарихта алатын орыны ерекше екенін атап өтті.
Шараға Қаражал қаласының Құрметті азаматтары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары және жастар қатысып, құрбан болған жандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Меншікті ақпарат.