Ұлт байлығы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қалай болса да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі — ең ұлы және ең тамаша тіл.

Тіл – ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы — оның ана тілі. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбилеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Мен де өзімнің ана тілімді құрмет тұтамын.
Тіл-халықтың алтын діңгегі. Әр халық алдымен өзінің туған тілін білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежіресі, сол халықтың тілінде жазылады. Олай болса, әрқашан тілімізді құрметтейік, қастерлеп өтейік дегім келеді.

Жадыра САДУОВА,
Қаражал қалалық сотының
бас маманы.